Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасамақ: АҚШ ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM – АСТАНА. KAZINFORM – Иран Израильге зымыранмен шабуыл жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы АҚШ ақпарат құралдарына аты-жөнін атамаған АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі хабарлады, деп жазды Еuronews.
«Иранның Израильге шабуылы сөзсіз», - деді ол.
Дереккөз Құрама Штаттар Израильдің қорғаныс саласындағы даярлығын белсенді қолдайтынын атап өтті.
Кейін Израиль Қорғаныс әскерінің өкілі Даниэль Хагари Иранның ықтимал шабуылы жөнінде арнайы брифинг өткізді. Оның айтуынша, Израиль зымыран ұшыруға әзірленіп жатыр.
«АҚШ бізге Иранның зымыран ұшыруға дайындалып жатқанын ескертті, бірақ қазіргі кезеңде Ираннан зымыран ұшыру тіркелген жоқ», - деді Хагари.
Ол Израиль қорғаныс күштерінің жоғары дайындықта екенін және Иранның Израильге шабуылының салдары болатынын қосып өтті.