Мекеменің мәліметінше, ішкі және халықаралық рейстер соғысқа дейінгі деңгейге қайта оралды. Сонымен қатар Тегерандағы Мехрабад халықаралық әуежайының тәулік бойы жұмыс режимі қалпына келтірілгені расталды.
— Осы сәттен бастап барлық әуе компания мен туристік агенттіктер билет сатуды және рейстерді брондауды тәулік бойы қайтадан жүзеге асыра алады, — делінген мәлімдемеде.
Еске салайық, Иран әуе кеңістігін 13 маусымда Тегеран мен өзге де аймақтарға Израильдің әуе шабуылдары жасалғаннан кейін жапқан болатын. Қақтығыс 24 маусымда бітіммен аяқталды.
Иран әуе кеңістігін кезең-кезеңімен ашуды 26 маусымда бастады. Әуежайлар қалыпты жұмысқа біртіндеп қайта көшті. 17 шілдеде Азаматтық авиация ұйымы барлық әуежайдың толық жұмысын қалпына келтіргенін хабарлады, тек Мехрабад әуежайы ғана 4:00-ден 19:00-ге дейін шектеулі режимде жұмыс істеген еді.
Айта кетелік Иранда елдің қорғанысын қамтамасыз ететін жаңа Кеңес құрылады.