07:59, 09 Маусым 2009
Иран Қарабақ мәселесін реттеуге әзір
ТЕГРАН. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат - Иран президенттігіне кандидат Мохсен Резаи, елдің бүгінгі белсенді саясаты таулы Қарабақ проблемасын реттеуде «ілгерілеушілікке» жеткізуі мүмкін екенін мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Резаи: «Иранның сыртқы саясаты күшейтілуі керек, олай болмаған жағдайда, болашақ біз үшін түйіні шешілуі қиын проблемалар дайындайды», - деп атап көрсетті. Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Резаи, Таулы Қарабақ Иранға жақын орналасқандықтан, бұл жағдайдың проблеманы реттеуде жеңілдету мүмкіндігі бар екендігі туралы пікір білдірген.