Иран Каспий теңізін Парсы шығанағымен қосатын жаңа мұнай құбырын салмақ

None
ТЕГРАН. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Жаск мұнай құбырын тарту Каспий теңізін Парсы шығанағымен байланыстыратын болады.
Бұл туралы сейсенбі күні журналистерге Иранның Ұлттық мұнай компаниясының директоры Сейфулла Жашнсаз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Irannews басылымына сілтеме жасап. «Қазіргі уақытта Жаск құбыры құрылысының жобасы дайын. Ол жүзеге асырылғаннан кейін Каспий теңізі мен Парсы шығанағындағы өндірістік әлеует еселенеді», дейді министр Сейфулла Жашнсаз. «Жаск құбыр желісінің ұзындығы 1550 шақырымды құрайды. Жобаға 3,5 миллиард АҚШ доллары салынбақ. Жобаның орындаушысы - Иранның Ұлттық мұнай компаниясы», деп түсіндірді ол. Министрдің айтуынша, Жаск мұнай терминалы 18 мың гектар ауданға салынатын болады. «Терминалдың жобасы мен сарапшылардың пікірлері жылдың басында талқыланған болатын. Жоба бес жылдың ішінде жүзеге асырылады», - дейді Иранның Ұлттық мұнай компаниясының басшысы. Жаск мұнай құбырының терминалы Иранның Хормузган провинциясында орналасқан.