Бұл туралы Иранның мұнай министрі Ростам Кассеми мәлім етті. Оның айтуынша, кеніш 700 метр тереңдікте және толықтай ирандық теңіз шекарасы шегінде орналасқан.
Министрдің айтуынша, табылған кеніш көлемі жағынан 11 трлн. текше футты құрайтын Каспий теңізінің ирандық бөлігіндегі бұған дейін барланған газ қорынан бес есе асып түседі. Иран аумағында орналасқан табиғи газ қоры жөнінен Ресейге ғана жол береді және әлемдік қордың 16 пайызын құрайды.