Иран Қазақстан астығын сатып алу мәселесінде ойдағыдай уағдаластықтарға қол жеткізді ? М. Ахмадинеджад

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Иран Қазақстан астығын сатып алу мәселесінде ойдағыдай жақсы уағдаластықтарға қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Иран басшысы Махмұд Ахмадинеджад айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен бидайға қатысты үш бағыт бойынша әңгімелестік. Олар: астықты өндіру, транзиттеу және сатып алу мәселелері. Біз өте жақсы уағдаластықтарға қол жеткіздік. Екі елдің сауда министрлері бұл мәселелерлді назарларында ұстайтын болады», - деді баспасөз мәслихатында М. Ахмадинеджад.