"Бізде екі елдің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздер болды. Соның нәтижесінде тиісті құжатқа қол қойылды. Оған сәйкес, Иран мен Қазақстан кәсіпкерлері үшін визаны жеңілдетіп беру шаралары қарастырылған. Жалпы, барлық азаматтардың кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасауымыз қажет. Осы орайда тиісті жоспарлар бар. Негізі, Иран Ислам Республикасы көрші мемлекеттер үшін жеңілдетілген визалық режимді орнатуға, я болмаса, оны мүлдем алып тастауға мүдделі", - деді М.Дамирчилу ҚазАқпарат тілшісіне берге сұxбатында.
12:38, 08 Тамыз 2018
Иран қазақстандық кәсіпкерлерге жеңілдетілген визалық режимді береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моджтаба Дамирчилумен визалық режимді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.