Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы мен Тегеран 2009 жылы мұнайлы солтүстік Азадеганды игеру жөнінде келісімге қол қойған болатын.
Иран БАҚ-ындағы деректер бойынша, Иран Мұнай министрлігі қытайлық компанияға 90 күн уақыт берген. Осы мерзім ішінде қарсы тарап өз міндеттерін толық орындамаса олырды жобадан шығарып тастамақ.
Қытай компаниясы бұл жағдайға қатысты өз пікірін жариялаған жоқ.