Иран кілем саудасынан жылына 17 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс таппақ

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Онжылдықтың соңына қарай Иран елі кілемдерінің саудасынан жылына 17 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс жасайды деген болжамдар жасалуда.

 Бұл жайында Иран. ру хабарлап отыр.

 Кілемдерді бүгінде ауқатты американдықтар, жапондықтар және ресейліктер белсенді түрде сатып алып жатыр. Ені - 2,5, ал ұзындығы - 3,5 метр кілемді ирандықтар қолдан бір жылға жуық уақыт тоқиды екен және бұл өнімнің әрқайсысында жеке паспорттары бар.

Иран көптеген шет елдердегі әріптестерімен қиын қарым-қатынасына қарамастан, бензин экспортын екі есеге арттырып отыр. Ирандық жанар-жағармайды Ирак, Ауғанстан және Араб Әмірліктері сатып алуда. Сонымен қатар, Иранның экспортында парсы кілемдері де соңғы орында қалып отырған жоқ. Болжам бойынша, онжылдықтың соңына қарай осы мемлекет бұл өнімнің саудасынан жылына 17 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс жасамақ.