Хабарламаға сәйкес, қытайлық кемелерге өтуге рұқсат сәрсенбі кешінен бастап күшіне енген.
Reuters агенттігінің Fars басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, бұл шешім Қытайдың сыртқы істер министрі мен Қытайдың Ирандағы елшісінің өтініштеріне жауап ретінде қабылданған. Тегеран екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік аясында бірқатар қытайлық кемелердің өтуіне жәрдемдесуге келіскен.
Әзірге бұл шешімнің аймақтағы жағдайға қаншалықты әсер ететіні нақты белгісіз. Бұған дейін Тегеран бейтарап кемелер Иран қарулы күштерімен әрекеттерін үйлестірген жағдайда бұғаз арқылы өте алатынын меңзеген болатын.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдай соғыс пен бейбітшілік арасындағы өтпелі кезеңде тұрғаны хабарланған еді.