Иран: лаңкестіктің салдарынан қаза тапқандардың саны 31 адамға жетті

АСТАНА.  Қазанның  19-ы.  ҚазАқпарат -   Иранда  болған  лаңкестік әрекет  құрбандарының саны 31  адамға жетті.     Ислам революциясы сақшылар  корпусының (КСИР)  құрғақтағы күштер  басшысының  орынбасарына  қастандық  жасамақ  болған   жанкешті,

жарылғыш құрылғыны     әскери қолбасшы  отырған      көлікке жақын  келіп    іске қосқан.   Оқиға салдарынан     қолбасшы   қаза  тапты,   опат болғандардың  ішінде     корпустың    бірнеше офицері  де бар,  деп   хабарлайды «Ассошиэйтед Пресс » агенттігі.

 Лаңкестік әрекет   Систан   мен Белужистан провинциясындағы Сарбаз қаласында      болды.   Жарылыс салдарынан   бейбіт адамдар да   мерт болды.

 «Франс Пресс» агенттігі  бұған дейінгі ақпаратында, 20 адамның   қаза тапқанын  және 401 адамның  жараланғанын   хабарлаған еді. 

 Ислам революциясы сақшылар  корпусы (КСИР)  таңдаулы  әскери бөлім  болып табылады,  ол     1979 жылы   иран шииттерінің    жетекшісі аятолла  Хомейниді  жақтаушы   революцияшыл  комитеттердің әскери  жасақтарынан   құрылған  болатын.    Корпус   Иран-Ирак соғысына  да қатысқан.