Дүниежүзінің көптеген елдері үшін мұнай тасымалының бірден бір көзі болып отырған бұл теңіз жолын жабу үшін енді тек аятолла Хаменеидің қолы керек, деп жазады "Известия" газеті.
Ос құжатты дайындаған депутаттардың бірі Джавад Карими Кудси 290 парламент мүшесінің 150-і заңды мақұлдағанын мәлім етті. Енді соңғы шешімді елдің жоғары көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи қабылдайды.