Иран Меджлисінің бірнеше депутаты ел астанасын ауыстыруға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Меджилісінің 73 депутаты Жоғарғы көшбасшы аятолла Али Хаменеиге ел астанасын Тегераннан басқа қалаға ауыстыруға шақырған үндеу жолдады, деп хабарлайды Анадолау агенттігі.

Депутаттар өз үндеулерінде қоршаған ортаның ластануына, көлік кептелістеріне және Тегеранда халықтың көптігіне баса назар аударған.

Тегераннан астананы ауыстыру жөніндегі заң жобасын парламент 2013 жылдың желтоқсанында бекіткен болатын, бірақ ол қағаз жүзінде қалды.

Бұдан басқа депутат Абульфазл Абутураби осы жылғы қаңтарда Тегерандағы бизнес-орталықтардың бірінде болған, 26 адамның өмірін қиып кеткен өрт жайлы еске салды.

«Бұл өрт Тегерандағы құрылыс саласындағы күрделі мәселенің бір айғағы», - деді Абутураби.

Оның айтуынша, Иранның Жоғағы көшбасшысы бұл жағдайға жеткілікті көңіл бөлмейді.