Иран мен Беларусь Уго Чавестің өліміне байланысты қаралы күн жариялады
Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Венесуэланың вице-президенті Николас Мадуроға хат жолдап, онда «ұлы венесуэлалық халыққа, У.Чавестің құрметті отбасы мен әлемнің барша халқына» көңіл айтты.
Иран мемлекеттік БАҚ-тарының жазуынша, М.Ахмадинежад У.Чавестің 8 наурыз күні өтетін жерлеу рәсіміне қатысады.
У.Чавестің қайтыс болуына байланысты аза тұту күні Беларусь елінде де жарияланды. Ол үш күнге созылады. Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елінің азаматтарына арнаған сөзінде венесуэлалық президентті ұлы мемлекеттік қайраткерлердің бірі деп атады.
«У.Чавес қатерлі ісікпен қасақана жұқтырылғанында еш күмәніміз жоқ. Және оның артында біздің ішкі жауларымызбен бірлесіп жұмыс істеп жүрген Венесуэланың империалистік жаулары тұрғанында күмән жоқ. Олар президенттің денсаулығына зиян тигізу амалын бұрыннан іздеген», - деп мәлімдеді бұған дейін У.Чавестің мұрагері болып табылатын Н.Мадуро.