Енді ирандық және еуропалық делегацияның өкілдері өздерінің елдеріндегі басшылықпен консультациялар өткізуі тиіс, тек осыдан кейін ғана билік келісімдерді орындауға кіріседі.
24 қарашада Женевада өткен қызу талқылаудан кейін, әлемдік алдыңғы қатарлы алты держава мен Иран ядролық мәселе бойынша аралық келісімге қол жеткізген еді.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, Иран жағы уранды байыту үшін жаңа центрифугаларды орналастырудан бас тартып, өздерінің ядролық нысандарына халықаралық сарапшыларды кіргізуге және қаруға негізделген плутонийді өндіруге техникалық тұрғыда қауқарлы ядролық реактордың құрылысын тоқтатуға келісті.
Өз кезегінде бұл елге қатысты экономикалық санкциялар біршама жеңілдетілетін болады.