Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы бірнеше миллиард долларға жетуі ықтимал

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы бірнеше миллиард долларға жетуі ықтимал. Бұл туралы бүгін Астанада Иран-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Өкінішке орай, әлемдік экономикадағы аxуалдарға байланысты екі ел арасындағы сауда айналымы баяулап кетті. Статистика агенттігінің деректері бойынша, Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтардағы жағдайы бойынша 360 млн. долларды құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 34 пайызға кем», - деді министр.

Оның айтуынша, ең қатты құлдырау 2013 жылы орын алған. «Ол кезде сауда айналымы 620 млн. долларды құраса, 2014 жылы ол миллиард долларға жетіп қалды», - дейді Ә. Исекешев.

«Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, егер әріптестіктің барлық шараларын атқаратын болсақ, Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-саттық бірнеше миллиард долларға жетуі әбден мүмкін. Бұл жөнінде біздің президенттеріміз де талқылаған болатын. Сол деңгейге жету үшін бізге қыруар жұмыс атқару керек. Біздің байланыстардың әлеуеті жақсы», - деп атап өтті ол.