Оның жазуынша, бірнеше күн бойы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен оның Сауд Арабиясындағы әріптесі Бейжің қаласында келіссөз жүргізген.
Нәтижесінде үшжақты мәлімдеме қабылданды.
Тегеран мен Эр-Рияд дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге және ең көбі екі ай ішінде елшіліктерді қайта ашуға келісті.