Ирандық "Индастриал Эстейтс" компаниясының басшысы Ахмад Мусави хабарлағандай, бұл жоба Түркияда және Иранда арнайы қаланың құрылысын бастауды қажет етеді. Бұл жайында "Ириб-Новости» хабар таратты.
Оның айтуынша, түріктердің аумағынан орын тебетін қала Сары су, ал Иран территориясында Базарған деп аталатын болады. Аталмыш жоба үстіміздегі жылдың наурыз айында қолға алынады.
muslim.kz сайтының жазуынша, Мусавидің тағы бір келтірген мәліметі бойынша әр қаланың аумағы 1000 акрды (405 га) құрайды. Олар шекарадағы тар жол арқылы жалғасатын болады.