Экспорт көлемінің артуы Иранның күнделікті шетелге жеткізетін мұнай көлемін 2,2 млн баррельден 2,35 млн баррельге дейін арттырады. Гамсари экспортталатын мұнайдың шамамен 600-650 мың баррелі еуропалық нарыққа түсетінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, 2,5 млн баррель экспорт көрсеткішіне жеткізу ауыр және кешенді тапсырма болмақ.
Мемлекеттік компания өкілі қазір елдегі нарықта тәулігіне шамамен 1,8 млн баррель пайдаланылатынын жеткізді.
Осыған дейін Иран мұнай өндіруді бәсеңдетуден бас тартқаны туралы хабарланған болатын.