Иран мұнай өндіруді екі миллион баррельге дейін азайтуға шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нарық теңгерімі үшін мұнай өндірудің әлемдік деңгейі күніне 1,5-2 миллион баррельге дейін қысқартылуы тиіс. Бұл туралы Иран мұнай министрі Бижан Зангане мәлімдеді, деп хабарлады Rambler News Service.

Бұл мұнайдың артық көлемі, сондықтан да одан құтылу қажет шығар, деп пайымдайды ол. «ОПЕК-тің кейбір мүшелері қазір оған үн қатудың қажеті жоқ, деп санайды», - деп қосты шенеунік.

4 желтоқсанда Венада ОПЕК отырысы өтеді, онда көмірсутек өндірісіне квоталар туралы мәселе шешілмек. Қазір картельдің барлық мүшелері тәулігіне 30 миллион баррельмен шектелуде. Квота үнемі бұзылып отыр. Reuters агенттігінің мәліметтері бойынша, қыркүйекте ұйымның қатысушы елдері күніне 31,71 баррель өндірді.

3 желтоқсанда Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 43,54 долларды құрады. Техастың WTI сорты 40,44 доллар шамасында сатылуда. ОПЕК мұнай қоржынының бағасы 38,46 долларды құрап отыр.