Иран мұнайдан басқа тауарын экспорттайтын жеті елді атады
АСТАНА. KAZINFORM - Иранның соңғы екі айдағы (сәуір және мамыр) мұнайдан басқа экспорты санкцияларға қарамастан 8 миллиард 241 миллион долларға жетті, деп хабарлайды ParsToday ақпарат агенттігі.
«Иранның мұнайдан басқа экспорты өткен екі айда (сәуір және мамыр) 24 миллион 622 мың тоннаға жетіп, 8 миллиард 241 миллион долларды құрады»,- деп мәлімдеді Иран Кеденінің басшысы Форуд Асгари.
Оның айтуынша, Қытай 2 миллиард 425 миллион доллар, Ирак 1 миллиард 500 миллион доллар, БАӘ 1 миллиард 940 миллион доллар, Түркия 673 миллион доллар, Ауғанстан 374 миллион доллар, Пәкістан 322 миллион доллар және Оман 305 миллион доллардың саудасын жасаған. Бұл Иранның соңғы екі айда мұнайдан басқа экспортын жүзеге асыратын жеті негізгі бағыт болды.
Айта кетейік, Дүниежүзілік банктің 2024 жылғы есебіне сәйкес, аймақтағы геосаяси шиеленістерге қарамастан Иран соңғы үш жылда бес пайыздан астам экономикалық өсуді тіркеді және осы кезеңде жұмыссыздық деңгейі 7,4 пайызға дейін төмендеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран қамауда болған француз азаматын босатқаны туралы жазған болатынбыз.