Иран Обаманың тікұшағының сызбаларын ұрлап кетті
08:26, 03 Наурыз 2009
            МӘСКЕУ.  Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат -  Компьютер   мамандары  ирандық хакерлер  интернет-қорғаныс  жүйесіндегі   олқылықты    пайдаланып,     АҚШ-тың    бас тікұшағы - ел президенті    Барак Обаманың көлігі Marine One тікұшағының   егжей-тегжейлі инженерлік   сызбаларын   ұрлады,  деп отыр.
                
ҚазАқпарат бұл туралы MIGnews.com басылымына  сілтеме  жасап хабарлайды. Tiversa компаниясы  аса құпия  ақпараттың   шығып  кетуіне жол берген  электрондық қорғаныс жүйесіндегі  олқылықты   анықтап  отыр.    Ирандықтардың  қолына  түсіп  отырған  мәліметтерге   тікұшақты  түрлендірудің  жоспарлары,  оның   авионика  жүйесі  мен  президенттік  әуе көлігінің интернет-жүйесі  туралы мәліметтер кіреді. Мүлдем құпия саналатын  құжаттар  ирандықтарға  Пентагондағы  мердігерлердің бірінің компьютеріне  орнатылған LimeWire сынды  файлдарды  бірлесіп  қолдану бағдарламасының  көмегімен жіберілген  болып  шықты.