Иран оқиғаның кез келген түрдегі дамуына даяр

АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Иранның президенті Махмұд Ахмадинежад «алтылық» өкілдерімен болатын келіссөздердің оның еліне нұсқан келтіруге қабілетті еместігін мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Ахмадинежадтың айтуынша, келіссөздерді жүргізушілер кез келген саясатты ұстануы мүмкін, алайда Иран «оқиғаның кез келген түрдегі дамуына даяр».

Иранның «алтылықпен» (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен және Германиямен) келіссөздері Женевада бейсенбі күні өтеді.