Иран елордасының солтүстік бөлігіндегі Ванак алаңында жиналды. Олар антипрезиденттік ұрандарды айқайлады. Кішігірім қақтығыстан кейін полиция оларды қуып таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап.
Маусымның 12-сінде өткен президенттік сайлауда жеңген Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад осы аптаның сәрсенбісінде ант қабылдағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Оппозиция дауыс берудің қорытындысын мойындамай отыр.