Иран орбитаға тағы бір жерсерік ұшырғалы отыр

ТЕГРАН. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат - Иран мемлекеті кезекті ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы ел президенті Махмұд Ахмадинежад мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаттық» радиосына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жерсерікті ұшыру үшін, әрекет ету радиусы 700 бен 1500 шақырымның аралығындағы зымыранның қолданылатынын айтты. Алайда зымыранның қай күні ұшырылатыны нақтыланған жоқ. Алғашқы ирандық жерсерік орбитаға ақпан айында шығарылған болатын. Батыс елдері Иранның ғарыш бағларламасы оның әскери әлеуетті арттыру бағдарламасының бөлшегі болуы ықтимал деп алаңдауда. Ал Тегран ғарышты зерттеу жұмыстары ? тек бейбіт мақсатқа негізделгенін айтуда.