Соңғы бірнеше аптада Иран әлемдегі ең маңызды сауда бағыттарының бірі саналатын Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты шектеген.
Қазір бұл аймақтан тек аз ғана мұнай танкерлері өтіп жатыр.
Енді Тегеран бұғаз түбімен өтетін интернет кабельдерінен де табыс таппақ.
Әңгіме халықаралық деректерді тасымалдайтын үш ірі байланыс желісі туралы болып отыр.
Олар арқылы күн сайын шамамен 10 миллиард долларлық қаржылық операцияларға қатысты ақпарат өтеді.
Тегеран жаңа алым арқылы мұнай экспортынан түсіп жатқан шығынның орнын толтыруды көздейді.
Иран билігінің мәліметінше, бұл шығын көлемі күніне 220 миллион долларға дейін жеткен.
Мұндай шығын АҚШ әскери-теңіз күштері Иран порттарын бұғаттағаннан кейін пайда болған.
— Ирандық БАҚ-тың жазуынша, Тегеран кабельдерді пайдаланатын шетелдік компанияларды жыл сайын лицензиялық төлем төлеуге міндеттеуі мүмкін. Өйткені бұл жоспар тек экономикалық емес, саяси салдарға да ие болуы ықтимал. Meta, Amazon және Microsoft секілді америкалық технологиялық алпауыттар Ормуз арқылы өтетін кабельдерді пайдаланса, «Иран заңымен» жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бұл цензура талаптарын да қамтиды, — делінген жарияланымда.
Бұған дейін Ибрахим Резаи АҚШ пен Израиль тарапынан жаңа шабуыл жасалса, Тегеран уранды байыту деңгейін 90 пайызға дейін көтеруі мүмкін екенін айтқан.
Ол Иран парламентінің сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі.
Осыған дейін Еуроодақтың АҚШ-Иран қақтығысына байланысты энергияға 27 млрд еуро артық төлегені туралы жаздық.