Иран өздері жасаған төртінші спутнигін сәтті ұшырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран мамандары дүйсенбі күні өздері дайындаған төртінші спутнигін сәтті ұшырды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

GPS навигациялық жүйесімен жарақтандырылған "Фаджр" спутнигі "Сафир" зымыран-тасығыштың көмегімен GMT уақытымен сағат 9.30 (12.30 мск) орбитаға шығарылды, деп хабарлады Press TV арнасы.

Иранның ғылым және технология бойынша вице-президенті Сорена Саттари осыған дейін жаңа спутник жақында ұшырылатынын айтқан.