Иран Парсы шығанағы арқылы әлемдегі ең ұзын туннель салмақ

ДОХА. ҚазАқпарат – Иран шенеуніктері Парсы шығанағы арқылы Катармен байланыс орнатуға мүмкіндік беретін әлемдегі ең ұзын туннель салу идеясын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат IRNA агенттігіне сілтеме жасап.

Иран президенті Ибрахим Раисидің Катарға сапары қарсаңында Иранның жол және қала құрылысы министрі Ростам Гасеми тараптардың транзит, кеме қатынасы және әуе көлігі саласында төрт келісімге қол қоятынын мәлімдеді. Олардың арасында – Иранның Дейяр қаласындағы портынан Катар мемлекетіне дейін туннель салу идеясы бар.

Дүйсенбі, 21 ақпанда Иран президенті Эбрахим Раиси ресми сапармен Катарға барды. Бұл оның былтыр тамызда қызметіне кіріскеннен кейін Парсы шығанағындағы араб мемлекетіне жасаған алғашқы сапары. Ол соңғы 11 жылда Катарға барған алғашқы Иран президенті.

Суасты туннелі Иранның Дайер портын Катармен байланыстырады және теміржол мен автомобиль инфрақұрлымы да болады. Оның ұзындығы 190 шақырымға созылмақ. Атап айтқанда, әлемдегі ең ұзын Франция мен Ұлыбританияны жалғайтын Ла-Манштағы 38 шақырым суасты туннелінен бес есе ұзын болмақ.

Авторы: Арсен Утешев