Иран полициясының ұшағы апатқа ұшырап, 7 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран полициясына тиесілі ұшақ елдің оңтүстік-шығысындағы Захедан қаласының маңында апатқа ұшырап, 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды РИА «Новости» IRNA ақпараттық агенттігіне сілтемемен.

Turbo Commander жеңіл моторлы ұшағы Иранның астанасы - Тегераннан елдің оңтүстік-шығысында орын алған полиция қызметкеріне шабуыл оқиғасын зерттеу үшін бағыт алған. Ұшақ бортында 4 жолаушы және 3 экипаж мүшесі болған. Олардың қатарында тергеу басқармасының басшысы да қаза тапты.