Ойынның негізгі уақытында Иран командасы аргентиналықтардың қаншама шабуылына төтеп беріп, кей сәттерде өздері де гол салуға шақ қалған.
Олардың айтуынша, ойынның ең соңғы шабуылы кезінде ғана Месси шеберлік танытып, Иран қақпасынан саңылау тапқан.
Иран Президенті Хасан Рухани да бұл жайында: «Иран командасы алаңды еңсесі түспеген күйде тастап шықты», - депті. Ал, елдің сыртқы істер министрі Джавад Зариф болса: «Біздің құрама барлық ирандықтарды өз еліне деген мақтаныш сезіміне бөледі» деп ойынға баға беріпті.
Бірақ, Иран құрамасының әлі де F тобынан ширек финалға шығуға мүмкіндігі бар.