Ол бұл жайлы Frankfurter Allgemeine Zeitung неміс газетіне берген сұхбатында мәлім еткен.
М.Ахмадинежадтың айтуына қарағанда, ол университетте саясаттану пәнінен дәріс оқуға дайын әрі қандай да бір саяси партияны немесе ұйымды басқаруға ниеттеніп отырған жоқ.
М.Ахмадинежад жекелеген санкцияларға қарамастан, соңғы жылдары Иран бірқатар экономикалық үдерістерге қол жеткізгенін атады. Оның сөзіне қарағанда, мұнай тасымалдауға еш қатысы жоқ инвестиция, ІЖӨ мен экспорт көлемі айтарлықтай өсімге қол жеткізген.