Иран президенті соттан ұсталғандардың барлығын босатуды сұрады

ТЕГЕРАН. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Иранның президенті Махмұд Ахмадинежад елдің бас судьясынан президенттік сайлау қорытындыларына қарсы оппозицияның жақында болып өткен қарсылықтарына байланысты ұсталғандардың барлығын босатуды сұрады.

 Бұған дейін Иран үкіметі 140 оппозиция жақтастарын босатқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.