Иран Президентіне «ЕҰУ-дің құрметті докторы» атағы берілді

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен кездесу барысында Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа «ЕҰУ-дің құрметті докторы» атағы берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталмыш ғылыми дәрежені мәртебелі мейманға Еуразия ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Әбдірайымов табыс етті. Сондай-ақ ректор Иран елінің басшысына университеттің естелік медалі мен жазушы Ахмет Дүйсенбаевтың парсы тіліндегі еңбектерін тапсырды.Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежад университет ұжымы мен барша қазақстандықтарға алғысын білдіріп: «Университеттің берген докторлық атағы екі елдің достығы мен бауырластығының белгісі болса керек», - деді.