Жарты мыңға жуық үміткердің 14-і - әйелдер. Барлық тілек білдірушілерді Ислам революциясын қорғау корпусы - елде исламдық құқық нормаларының сақталуын бақылайтын орган тексеруі тиіс.
Президенттікке үміткерлердің түпкілікті тізімі 23 мамырда жарияланады. «Азаттық» радиосы Иранда президент сайлауы 14 маусымда өтетін еске салады.
Жаңа мемлекет басшысы өкілдік мерзімі аяқталып келе жатқан қазіргі президент Макхмұд Ахмединежадтың орнын басады.