АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран президенті Хасан Роуханидің інісі Хуссейн Ферейдун қамаудан шықты. Ол түрмеден кепілдікке 8,3 млн доллар берілгеннен кейін шығарылды, деп хабарлайды AFP жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бірқатар Иран басылымдарының мәліметінше, алғашында кепілдікке 13,3 миллиард доллар берілмекші болған, алайда сот төмен бағаға келісті.
Айта кетейік, Иран президентінің інісі қаржылық қылмыстарға қатысты айыпталып отыр. Ол 16 шілде күні қамауға алынды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.