Жарияланған мәліметтерге қарағанда, сот отырысының барысында Ферейдуну өзін жайсыз сезінген, сол себепті ол жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда оның ауруханаға жатқызуға нақты не себеп болғаны айтылмайды.
Сот отырысы кешірек жалғасады, алайда Ферейдун кепілдік ақысын төлеп қамаудан босатылуы мүмкін. Осыған дейін Роуханидің бауыры қаржылық алаяқтық әрекеттері үшін тұтқынға алынғаны хабарланған болатын.