Иран президенттігіне алғашқы әйел үміткер ретінде тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның бұрынғы депутаты, ғалым Зохре Элахиан президент Ибрахим Раиси ұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін белгіленген кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде тіркелген алғашқы әйел болды. Бұл жайында Mehr агенттігінен хабарланды. 

Фото: Al-Mayadeen

4 маусымнан бастап Конституцияны сақтаушылар кеңесі кандидаттарды бір апта бойы қарап, кандидаттың ел президенті лауазымына сай келетін-келмейтінін анықтайды.

Соңғы тізім 11 маусымда жарияланады.

Сайлау науқаны екі аптаға — 12 маусымнан 26 маусымға дейін жалғасады.

Сайлауға бір күн қалғанда «үнсіздік күні» жарияланады, бұл уақытта үгіт-насихат жұмысын жүргізуге тыйым салынады. 

Президент сайлауы 28 маусымда өтеді. Екінші тур қажет болған жағдайда 5 шілдеге белгіленеді. 

31 мамырда Иранның сайлауалды штабының өкілі Мохсин Ислами үш әйелдің «шартқа сай келмегені үшін» тіркелмегенін хабарлаған.