08:00, 08 Маусым 2009
Иран президенттігінен үміткерлердің бірі Махмұд Ахмадинежадты халықты алдауда деп айыптады
ТЕГРАН. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат – Иран президенттігіне кандидат Мир-Хоссейн Муссауи елдің қазіргі басшысы Махмұд Ахмадинежадты халықты елдегі экономикалық жағдайға қатысты қасақана адастырып отыр,
деп айыптады. ҚазАқпарат бұл туралы «Азаттық» радиосына сілтеме жасап хабарлайды. Телеарна арқылы сөйлеген сөзінде Муссауи Ахмадинежад сайлауалды жарыссөздердің бірінде мәлім еткендей, елдегі инфляцияның деңгейі 15 пайыз емес, 25 пайыз екендігі туралы Иранның Орталық банкінің ресми мәліметтерін жария етті. Муссауи ? маусымның 12-сінде Иранда өтетін президенттік сайлауда Ахмадинежадтың басты қарсыласы.