Иран «Qased» зымыранын сынақтан өткізді

Фото: uza.uz

АСТАНА. KAZINFORM – Иран Ислам Республикасы Жердің орбитасына жасанды спутниктерді шығару мақсатында «Qased» зымыраны арқылы суборбиталық сынақтарды сәтті орындады, деп хабарлайды uza.uz ақпарат агенттігі. 

– Дүйсенбі күні таңертең Иранның ғарыш өнеркәсібі компаниялары дайындаған «Qased» зымыраны көмегімен суборбиталық сынақтар өткізілді, - делінген Tasnim ақпарат агенттігінің таратқан хабарында.

Мәліметке сәйкес, бұл сынақ нәтижелері елдің жасанды серіктері мен өзге де ғарыш аппараттарын Жер орбитасына шығару тиімділігін арттыруға бағытталған.

Еске салсақ, осыған дейін Үндістан қысқа қашықтыққа арналған екі баллистикалық зымыран – Prithvi-II және Agni-I-дің сынақтық ұшыру операцияларын сәтті жүзеге асырғанын жазған едік.