Иран ресми неке қию сайтын іске қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран неке қию қызметін көрсететін жасырын сайттармен күресу үшін ресми неке қию сайтын іске қосады, деп хабарлады trend.az.

Иранның жастар және спорт министрінің орынбасары Махмуд Голразидың айтуынша, сайт 15 маусымда іске қосылады.

Голрази бүгінде Иранда 300 жасырын сайт жұмыс істейтінін және бұл мәселемен полиция шындап айналысатынын атап өтті.

Атап өтерлігі, 2013 жылы Иранда онлайн-неке қию саны шұғыл өсті.