«Иран халықаралық санкция алынған мезеттен бастап Жапонияға экспортты ек есеге арттырады»,-делінген агенттіктің хабарламасында. Қазіргі уақытта Иран бұл елге тәулігіне 350 мың баррель мұнай экспорттайды. Иран ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры Мохсен Гамсаридің агенттікке айтуынша, «Тегеран» кем дегенде жапон нарығының 10 пайызын иеленуге тырысады.
Жапония соңғы 40 жыл бойы ирандық мұнайдың дәстүрлі және стратегиялық нарығы болып келеді. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2015 жылы желтоқсанда ирандық шикі мұнайдың бұл елге тасымалы өткен жылға қарағанда 3 пайызға өсті.