Иран сауда кемелері үшін Ормуз бұғазын жаппауға уәде берді
АСТАНА.KAZINFORM - Италия Сыртқы істер министрі және Премьер-министрдің орынбасары Антонио Таяни ирандық әріптесі Аббас Арагчимен болған әңгімесі туралы баяндады, деп хабарлайды Trend.
Оның айтуынша, ирандық әріптесі Аббас Арагчимен әңгімелесу барысында Иранның сауда кемелері үшін Ормуз бұғазын жабу ниеті жоқ екенін жеткізді.
- Мен ирандық министрден оңды хабар алдым. Ол Иранның Ормуз бұғазындағы сауда кемелерінің қозғалысына кедергі жасағысы келмейтінін айтты, - деп қосты ол.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ормуз бұғазы әлемдегі сұйытылған табиғи газдың 30 пайызын және жаһандық мұнай экспортының 20 пайызын қамтамасыз етеді. Бұғаз арқылы күніне 20 миллион баррельге дейін мұнай тасымалданады, бұл дүниежүзіндегі жалпы көлемнің бестен бір бөлігін құрайды. Бұғаз маңызды сауда жолы саналады.
Айта кетейік, әлемдік мұнай нарығы Израиль мен Иранның қарқынды соққы алмасуына қатты әсер етті.
Осыған дейін Иранның Израильге әскери қақтығыстарды тоқтату жөніндегі ұсынысынан кейін мұнай бағасы 3,2%-ға төмендегені туралы жаздық.