Иран шетелдік күштердің Сириядан кетуін талап етті

ӘБУ-ДАБИ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Иранның сыртқы істер министрі Мохаммед Джафад Зариф Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде шетелдік күштерді Сириядан кетуге және сириялықтардың өз болашағын өздері шешуге мүмкіндік беруге шақырды.

Ирандық дипломат сонымен бірге басқа елдерді де қақтығысқа тартылған түрлі топтарды қаржыландыруды, қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды. «Көптеген экстремистер Сирияға Еуропа елдерінен, Таяу Шығыс мемлекеттерінен, түрлі жерлерден келеді. Бір атап кететіні, жауынгерлер өз отанына қайтарылғасын сол жерде қауіп төндіре бастайды», - деп мәлемдеді М.Зариф.