Иран Сирия жөніндегі конференцияға қатысуға келісім берді
02:03, 02 Маусым 2013
АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - Иран Сириядағы ахуалды реттеу бойынша халықаралық конференцияға арнайы шақырту алған жағдайда қатысады.
Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында Мәскеуде Иран елшісі Сейед Махмудреза Саджади мәлім еткен.
«Біз бұл конференцияға қатысуға дайынбыз. Егерде Иран конференцияға шақырылатын болса, онда еш күмәнсіз біз сириялық дағдарысты реттеу мәселелерінің келіссөз үдерістеріне белсенді қатысатын боламыз. Дегенмен, әзірше ресми шақыру түсе қойған жоқ», - деді елші.
Бұған дейін РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Ресей мен АҚШ бастамашы болып отырған Сирия бойынша халықаралық конференцияға Иранның қатысуы қажеттігін айтқан еді. Дегенмен маусым айының соңында Женевада өтетін бұл форумға Теһранның қатысуына Франция қарсылық танытып отыр.