Иран Сыртқы істер министрлігі МАГАТЭ-мен диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді

Фото: IRNA

АСТАНА. KAZINFORM — Иранның Сыртқы істер министрлігі жақын күндері Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) келіссөздердің жаңа раундын өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Эсмаил Багаидің айтуынша, консультациялар өткен аптада басталып, алдағы уақытта жалғасады. Ол Тегеранның агенттікпен тікелей байланысы өзгерістерге қарамастан сақталатынын атап өтті.

Израиль мен АҚШ арасында 12 күнге созылған қақтығыстан кейін МАГАТЭ инспекторлары Иранның ядролық нысандарына қол жеткізе алмады. Агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси бірнеше рет тексерулердің маңызды екенін айтқанымен, Иран байланыстарды тек келіссөз шеңберімен шектегісі келеді.

Иран МАГАТЭ-мен байланыста тек келіссөз форматына мән беріп отыр, ал агенттік басшысы Рафаэль Гросси үшін басты басымдық — нысандарды тексеру болып қала береді.

— Оқиғалардан кейін біздің агенттікпен қарым-қатынас деңгейіміз өзгерді, бірақ тікелей байланыс жалғасуда, — деді Багаи. 

Бұған дейін хабарланғандай, 4 шілде күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) инспекторлар тобы Ираннан кетті.

Кейіннен Иран билігі Халықаралық атом энергиясы агенттігімен (МАГАТЭ) ынтымақтастықты толық тоқтатпағанын, алайда алдағы уақытта ол жаңа форматта жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Шілденің аяғында МАГАТЭ делегациясы Иранға баруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.