Иран СІМ басшысы: Мұнай бағасы өсе беруі мүмкін

АСТАНА.KAZINFORM - Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мұнай бағасы алдағы уақытта да өсуі ықтимал екенін айтып, бұл жағдайға АҚШ пен Израиль жауапты екенін мәлімдеді, деп жазады Анадолы.

Фото: Анадолы

Министр қазіргі уақытта мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттағанын атап өтті.

-Аймақта АҚШ пен Израиль жүргізіп отырған саясатты ескерсек, мұнай бағасы алдағы уақытта да өсе беруі әбден мүмкін, — деді ол.

Арагчи аймақтағы жағдайдың ушығуына АҚШ пен Израильді кінәлап, «өңірді апатқа ұрындырған осы мемлекеттер жауап беруі тиіс» екенін айтты.

- Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарына қарамастан, халқымыз миллиондап көшеге шықты, — деді ол.

Министрдің сөзінше, Тегеранда ғана емес, елдің барлық қаласында Ислам Республикасы Иерусалимді қолдауға дайын екенін көрсетті.

-Палестина мен біз көп жылдан бері қорғап келе жатқан барлық құндылықтарды қолдауды жалғастырамыз. Біз осы табандылықпен әрекет ете береміз, ал қарсыластарымыз иран халқының күшін мойындауға мәжбүр болады, — деп түйіндеді Иран СІМ басшысы Тегеранда өткен «Иерусалим күні» шеруіне қатысып, «Анадолы» агенттігінің тілшісіне берген сұбатында.

Осыған дейін әлемде мұнай бағасы 2022 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жеткені туралы жазған едік.

Сондай-ақ 32 ел мұнай бағасын тұрақтандыру үшін стратегиялық қор ашатыны туралы жаздық.