Лорестан тумасы Салехи хиджабты дұрыс кимегені үшін полиция ұстаған Жина Амини өлтірілгеннен кейін елде «Әйелдер, өмір, бостандық» көтерілісі кезінде қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, Амини инсульт алған. Ал туыстары полицейлердің оны ұрып өлтіргеніне сенімді.
Салехидің сот үкіміне шағымдану үшін Жоғарғы сотқа жүгінуге 20 күн уақыты бар. Үкім өзгеріссіз қалдырылса, рақымшылық жасау жөніндегі сот комиссиясы оның жазасын ықтимал жеңілдету үшін ісін қарайды.