Иран үкіметі британдық яхташыларды босатты

None
АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - «Бахрейн корольдігі» яхтасының бортында болған, ирандық шекарашылар ұстаған бес британдық желтоқсанның 2-сінде бостандыққа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АFР сайтына сілтеме жасап.

Тегранның мәлімдемесіне сай, «Иран Ислам Республикасының аумақтық суларына заңсыз енген және Сири аралының маңында ұсталған бес шетелдік бірнеше сағат бұрын босатылды».

Pindar жеке-меншік командасына жататын «Бахрейн корольдігі» яхтасы халықаралық жарысқа қатысу үшін Бахрейннен Дубайға бағыт алады. Қарашаның 25-інде кеме адасып Иран суларынан бір-ақ шығады және оларды шекара әскерлерінің катері ұстайды.

Бұл оқиға Ұлыбритания және Иран қатынастарының тарихындағы осындай екінші көрініс болып отыр. 2007 жылы 15 британдықты ирандық шекарашылар осы суларда қолға түсіріп, 13 күн бойы ұстаған болатын.