Бұған АҚШ визаларын алу процесінің созылып кетуі себеп болып отыр. Қазіргі уақытқа дейін команда мүшелерінің ешқайсысына елге кіруге рұқсат берілмеген.
Тадж қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, алдағы күндері Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) өкілдерімен кездесу өткізетінін айтты.
Келіссөз барысында ол виза мәселесін мүмкіндігінше тез шешуге нақты кепілдік талап етпек. Егер мәселе шешілмесе, Иранның турнирге қатысуына қауіп төнуі мүмкін.
Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы Өзбекстанмен 2:2 есебімен тең ойнап, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған еді. Олар G тобына түсіп, Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнайды. Топтағы барлық матчтарды АҚШ-та өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, Трамп әкімшілігі футболдан әлем чемпионатының іріктеуінен өткен елдерден келген шетелдік жанкүйерлерге АҚШ-қа кіру үшін 15 000 долларға дейінгі кепілдік төлеу талабын алып тастады.