Иран ұлттық валютасын деноминациялайды
20:55, 05 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Иран ұлттық валютасын деноминациялауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Financial Times.
Ел парламентінің экономика комитеті заң жобасының негізгі ережелерін мақұлдады: риалдың атауын сақтай отырып, төрт нөлді алып тастау жоспарлануда. 1 жаңа риал 10 000 ескі риалға тең болады.
— Нөлдердің азаюы қаржылық есептерді жеңілдетеді және банкноттарды шығару құнын төмендетеді деп күтілуде, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, айналымға шағын монета – гирон (1 жаңа риал – 100 гирон) енгізіледі.
Бес жыл бұрын Иран парламенті елдің ақша бірлігін риалдан туманға ауыстыру жобасын мақұлдаған болатын, 1 туман 10 000 риалға тең болады деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, Иранда жаңа қорғаныс кеңесі құрылды.